Өзбекстан президенті қазақстандықтарды марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстан президенті қазақстандықтарды марапаттады

26.08.2024

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев бүгін бірнеше қазақстандықты «Достық» орденімен марапаттады. Арнайы Жарлық жариялады. Онда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай, Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Бейбіт Атамқұлов, сондай-ақ Қазақстандағы өзбектер этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов. Олар екі ел арасындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту жолындағы ерекше еңбегі үшін наградалып отыр.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу