Құбылмалы ауа райы қыркүйекке дейін жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құбылмалы ауа райы қыркүйекке дейін жалғасады

26.08.2024

Құбылмалы ауа райы қыркүйекке дейін жалғасады. Елдің басым бөлігінде жауын әлі бір апта сақталады.  «Қазгидромет» бейсенбі күні республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік шығысында нөсер болатынын ескертеді. Күз солтүстік өңірлерде ызғарлы болады деп болжап отыр.

Алуа Саханова, «Қазгидромет» РМК жетекші инженері:

Республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік шығысында 29 тамыз күні қатты жаңбыр жауады. Жоғары қысым алқабының енуімен еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан бойынша желдің күшеюуі күтеліде. Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік шығысында дауыл соғып, бұршақ жауады. Таңғы және түңгі уақыттарда солтүстік және шығыс аймақтарда тұман күтіледі.


Хабарламаларға жазылу