Telegram: Дуровтың әділет органдарынан жасыратын ештеңесі жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Telegram: Дуровтың әділет органдарынан жасыратын ештеңесі жоқ

26.08.2024

Париж прокуратурасы Telegram платформасының негізін қалаушы Павел Дуровтың тұтқындалуына байланысты бүгін мәлімдеме жасауы тиіс. Бірер сағат бұрын Telegram хабарлағандай, Дуровтың француз әділет органдарынан жасыратын ештеңесі жоқ.

39 жастағы миллиардер сенбі күні Франция астанасына Бакуден ұшып барған сәтте тұтқындалды. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, мұндай шешім қабылдауға:  Telegram қосымшасында модератор жоқтықтан көп қылмысқа жол берілген деген күдік негіз болған. «Франс-инфо»  жаңалықтар арнасының хабарлауынша, Дуров қамауда төрт күндей отыруы мүмкін.


Хабарламаларға жазылу