Қол күрестен 20 спортшы әлем чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қол күрестен 20 спортшы әлем чемпионы атанды

26.08.2024

Түркістан облысы Шардара ауданының армспортшылары Молдова астанасы Кишинёвте өткен Әлем чемпионатында 20 алтын, 16 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

61 мемлекеттен 1500-ден аса спортшы қатысқан әлемдік додада Шардара Армспорт клубының өкілдері қарсылас шақ келтірмеді. Олар жас-жеткіншектер мен жасөспірімдер және жастар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және ересектер арасында жеңімпаз атанды. Бүгін жеңімпаз спортшыларды Шардара халқы ыстық ықыласпен күтіп алды. Оларға ерекше құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар табысталды. Клуб жаттықтырушыларының сөзінше, әлемдік додада топ жару қолкүресшілер үшін оңай болмаған.

Асан Байғозиев, «Шардара армспорт» клубының аға жаттықтырушысы:

Әлем чемпионатында бізге қарсылас шыққан Түркия болды. Грузин елі болды. Болгария болды. Барлық мемлекеттер жақсы дайындықта келген екен. Біздің спортшыларымыз да намысты қолдан бермей, қазақ елінің көк туын, әнұранын 20 рет шырқатып қайтты. 


Хабарламаларға жазылу