Франция прокуратурасы «Телеграмның» негізін қалаушы Павел Дуровтың тұтқындалуына байланысты мәлімдеме таратты. Онда Дуровтың түрлі қылмысқа барған біреулерге қатысты тергеліп жатқаны айтылған. Осы оқиға аясында қазір билікке ақпарат беруден бас тарту, есірткі саудалау, алаяқтық, ақша бопсалау, балалар порнографиясын сақтауға қатысу тәрізді 12 іс қаралып жатыр.
Дегенмен Дуровтың тергеудегі мәртебесі әзірге белгісіз. Айта кетсек, 39 жастағы миллиардер сенбі күні Бакуден Парижге ұшып барған бойда ұсталды. Соңғы мәліметке қарағанда, оны қамау мерзімі тамыздың 28-не дейін ұзартылған.
Арыстан Рысбек