Ақтөбеде мектеп есепшісі ай сайын өзіне 3-5 млн теңге аударып отырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде мектеп есепшісі ай сайын өзіне 3-5 млн теңге аударып отырған

27.08.2024

Ақтөбеде мектеп есепшісі ай сайын өзіне 3-5 млн теңге аударып отырған. Мұны білім беру мекемелеріне аудит жүргізген Қаржы министрлігі анықтады.

Қаладағы №48 мектептің есепшісі құжат жүзінде жалақысы жылына 700 мың теңгеден асатынын көрсеткен. Бірақ іс жүзінде ай сайын оның шотына 5 миллионға дейін ақша түсіп отырған. Ал Қарағандыдағы №33 балабақша кешен-мектебінде есепшілер жалған жұмысшыларға еңбекақы тағайындаған. Келтірілген шығын мөлшері – 207 млн теңгеден асады. Петропавлда да №42 орта мектептің бас есепшісі мен информатика пәнінің мұғалімі өздеріне жоғары жалақы алып келген. Осы арқылы 69 млн теңге жымқырған. Қаржы министрлігі жаз айларында 36 білім беру мекемесіне аудит жүргізген. 1 млрд теңгеден астам ақшаның қолды болғанын анықтады.


Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу