Ресейдің Киров облысында қазақы ойыншықтар шығарыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Киров облысында қазақы ойыншықтар шығарыла бастады

27.08.2024

Ресейдің Киров облысында қазақтың ою-өрнектері бейнеленген ұлттық киімдегі ойыншықтар шығарыла бастады. Себебі соңғы уақытта халқымыздың қамзол мен сәукеле, шапан киген этникалық ойыншықтарға сұранысы жоғары дейді өндірушілер. Бұл кәсіпке ерекше мән бергендері соншалық Қазақстанға арнайы барып зерттеу жүргізіп, қазақтың салт-дәстүрімен тереңірек танысқан. Қазір кәсіпорында шығарылатын 400-ге жуық ойыншықтың 30-ға жуығы этникалық стильде.

Татьяна Кашина, кәсіпорынның қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы:

Этникалық стильдегі ойыншықтарға әсіресе балабақшаларда сұраныс жоғары. Өйткені онда өзге халықтардың дәстүрі, киім үлгілері тереңірек таныстырылады, халықтар достығы тақырыбына басымдық берілген. Сонымен қатар заманауи қазақ жастарының ұлттық киімі қандай екен деп, сол үшін Қазақстанға барып, зерттеп келдік. Енді заманауи стильдегі қазақ ойыншықтарын шығарып жатырмыз.


Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу