Өңірлерді дамыту үшін республикалық бюджеттен келесі жылға 7,4 трлн теңге бөлінеді. Үкімет отырысы кезінде қаржы министрі Мәди Тәкиев осылай деді. Оның дерегінше, осы қаржы есебінен халықты сумен қамтамасыз ету қалаларда 99,6 пайызға дейін, ауылдық жерлерде 98 пайызға дейін өседі.
Жылумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі 51 пайызға дейін төмендетіледі. 3 елдімекенге табиғи газ тартылады. Жалпы ел бойынша газдандыру келер жылы 62 пайыз болуы тиіс. Ал Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Ұлттық қордың активтері келер жылы 62 млрд долларға жетеді деді.
Оңғар Алпысбай