Үкімет АЭС салу бойынша референдум өткізуге қатысты қаулы қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет АЭС салу бойынша референдум өткізуге қатысты қаулы қабылдады

27.08.2024

Үкімет АЭС салу бойынша референдум өткізуге қатысты қаулы қабылдады. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтың айтуынша, Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға барлық мүмкіндік бар. Сондай-ақ бұл ауқымды жоба елдің энергиялық тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі ең дұрыс шешім. Өйткені экономикалық, экологиялық, энергетикалық тиімділігі бойынша атом станцияларына әлем бойынша балама жоқ. Олжас Бектенов те саланың келешегі зор, бұл бағытта мамандар мен ғалымдар да бар деді. Үкімет мүшелері қаулы бойынша дауыс беріп, құжатты қабылдады.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

Бұл саланың перспективасы зор екені анық. Бізде ядролық отын энергиясы толықтай игерілген. Шағын реакторларды пайдалану тәжірибесі жинақталды. Бұл бағытта мамандарымыз бен ғалымдарымыз бар. Кадр даярлауға да көңіл бөлініп келеді. Сондықтан Атом электр энергиясын дамытудың келесі кезеңіне көшу дұрыс қадам болып табылмақ.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу