Үндістанның шығысындағы Одиша штатында құс тұмауының тарауына байланысты 5 мыңдай тауықты өлтірді. Мұны осы аймақтың ауруларды бақылау агенттігі хабарлап отыр. Оның мәлімдеуінше, «H5-N1» штамының эпицентрі Пури қаласында анықталған және алдағы уақытта тағы 10 мыңнан астам құсты жою жоспарланып отыр. Ал дәрігерлердің айтуынша, бұл тұмау шошқаға, жылқыға, мысықтар мен иттерге ғана емес, кейде адамдарға да жұғуы мүмкін.
Арыстан Рысбек