Үкімет Ұлттық қордан қаражат алуды азайтпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет Ұлттық қордан қаражат алуды азайтпақ

27.08.2024

Салық реформасы бюджет кірісіне оң әсер етпесе, Ұлттық қордан қосымша қаражат алуға тура келеді. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бүгін осылай деді. Оның сөзінше, бюджет тапшылығын жабу және Ұлттық қордан қаражат алуды азайту үшін Үкімет қазір жаңа Салық кодексіне арқа сүйеп отыр. Ол сәтті жүзеге асса, алдағы жылдары қордан алынатын қаржы көлемі 2 трлн теңгеден аспауы тиіс. Осылайша, Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2025 жылы 57,8 млрд долларға, ал 2027 жылы 74 млрд долларға дейін өседі деген болжам бар.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу