Елордадағы №70 мектеп-лицейінде әкелер күніне арналған шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы №70 мектеп-лицейінде әкелер күніне арналған шара өтті

25.02.2017
«Әкем – асқар тауым!». Бүгін осындай ұранмен Елордадағы №70 мектеп-лицейінде әкелер күніне арналған шара өтті. Мақсаты – әр отбасындағы асқар тау - әкенің алар орнын насихаттау, мәнін түсіндіру. Шараға жиналған ер азаматтар, әке мен бала арасындағы махаббатты дәріптейтін бейнероликті тамашалады. Бала тәрбиесі туралы ойларын ортаға салды. Ал, мектеп өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Хабарламаларға жазылу