Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Данияр Шаяхметов елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Данияр Шаяхметов елге оралды

28.08.2024

Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған велошабандоз Данияр Шаяхметов елге оралды. Ол Қытайдың Лоян қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы байрақты бәсекеде бақ сынады. Жаһандық додаға 47 елдің 300-ге жуық спортшысы қатысты. Ұлттық құрама өкілі велотректің спринт бағытында сынға түсіп, мәре сызығына 2-ші болып келді. Елдің мақтанышына айналған жас велошабандозды спорт жанкүйерлері мен жақындары күтіп алды.

Данияр Шаяхметов, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері:

Бұл чемпионатқа 4 маусым бойы дайындалдым. Алайда, бұл мен үшін күтпеген жеңіс. Себебі әлемдік бәсекеде бағың мен бабың қатар шабады. Велоспортпен 11 жасымнан айналысып келемін, алға қойған жоспарларым көп.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу