Боливияда орман өрті тарихи ескерткіштерге ойысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боливияда орман өрті тарихи ескерткіштерге ойысты

28.08.2024

Боливияда ұзақ уақыттан бері сөнбей жатқан орман өрті тарихи ескерткіштерге ойысты. 1700-ші жылы салынған Консепсьон соборы орналасқан қаланы қазір қою түтін тұмшалады. Ғибадатхана ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енген. Тарихи ғимараттарда баға жетпес құнды жинақтар бар. Елде алапат орман өрті шілдеде басталды, содан бері басылмай жатыр. 2 миллион гектардан астам алқап өртенген. Тілсіз жаудан, әсіресе Санта-Крус, Бени және Пандо өңірлері орасан зардап шекті.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу