Қызылордада мектеп жанындағы опырылған жол қайта жөнделіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада мектеп жанындағы опырылған жол қайта жөнделіп жатыр

28.08.2024

Қызылордада мектеп жанындағы опырылған жол қайта жөнделіп жатыр. Ұлттық арна көтерген мәселені жергілікті билік назарға алып, көшеге жаңадан асфальт төсеуде. 

Қала орталығындағы көшеде былтыр кәріз су жүйесі мен ауыз су құбыры ауыстырылғаннан кейін жолдың қазылған бөлігі опырылып, тұрғындарға қауіп туғызған еді. Оқу маусымы алдында ата-аналар балалары үшін алаңдаған-ды. Себебі №8 орта мектептің тұсында адам түгіл көліктің жүруі қиындап кетті. Көтерілген мәселе көп ұзамай шешімін тауып, мердігер мекеме жолға орташа жөндеу жұмыстарын бастады.

Райхан Сәткеева, қала тұрғыны:

Осының алдында да жөндеу жұмыстары жасалған болатын. Сол секілді сапасыз болмай, сапалы дүние 10 жыл алға қарай, болашаққа жоспарлай отырып жасаса екен деген өтінішім бар тұрғын ретінде. Осы 1-ші қыркүейкке дейін барлығын әдемілеп жөндеп берсе дейміз.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу