Көкшетауда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті

28.08.2024

Көкшетау қаласында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша бүгін түрлі этнос өкілдері 27 балаға мектепке қажет құрал-жабдықты үлестірді. Жалпы жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік қолдауға мұқтаж 50 шақты оқушы арнайы оқу құралдарымен қамтылды. Алдағы уақытта тағы 60-қа жуық балаға көмек көрсетілмек. Мұндай қайырымдылық шарасына Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйытқы болды.

Әлия Мәкішева, қала тұрғыны:

Менің алты балам бар. Оның үшеуі мектепке барады. Әрине, үш баланы киіндіру оңай емес. Енді қолымыздан келгенше алып жатырмыз. Сосын бүгін оқу құралдарын, мектепке қажетті заттарды беріп жатыр.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу