Бүгін Франция төрінде Паралимпиада ойындары басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Франция төрінде Паралимпиада ойындары басталады

28.08.2024

Бүгін Франция төрінде Паралимпиада ойындары басталады. Салтанатты шара бүгін біздің уақытпен 23:00-де Ұлттық арна мен ҚазСпорт арналарында тікелей эфирде көрсетіледі. Қазір Парижде салтанатты ашылу рәсіміне дейінгі алау эстафетасы өтіп жатыр.

Бұл эстафета Англияның Сток-Мандевилл елді мекенінен бастау алған болатын. Себебі осы жерде 1948 жылы невролог Людвиг Гуттман ерекше жандардың спорттағы жетістіктеріне көңіл бөлу туралы алғаш рет ұсыныс тастаған. Паралимпиада ойындары алауының эстафетасы пара атлеттердің өмірге деген құлшынысын барша әлемге паш ету мақсатында ұйымдастырылады. Бірнеше күнге созылған іс-шара бүгін аяқталып, Паралимпиаданың негізгі алауы жағылады. Қазақстан Паралимпиада ойындарына осымен сегізінші рет қатысқалы жатыр. Париждегі байрақты бәсекеде 44 қазақстандық пара атлет спорттың 9 түрінен ел намысын қорғайды. Олардың арасында отырып ойнайтын волейболдан ұлттық құрама спортшылары да бар. Пара волейболшыларымыз Азиядағы ең мықты екі команданың бірі екенін айта кетейік.

Бауыржан Тахауов, отырып ойнау волейболынан ҚР құрама командасының бас бапкері:

Бүгінгі күні әлемде 70-тен артық команда бар. Қазақстанның ұлттық құрама командасы бүгінгі күні осы пара волейбол оның ішінде отырып ойнайтын волейболынан Азияда екінші орын Ираннан кейін, әлем бойынша 6-орын. Бірінші ойынымыз Франция командасымен 29-тамыз. 31-тамызда Босния және Герцеговинамен ойнаймыз. Паралимпиада ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы және күміс жүлдегері және де Египет командасымен 2 қыркүйек ойнаймыз.

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу