Қазақстандықтар Түркиядан баспана алуды азайтқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар Түркиядан баспана алуды азайтқан

28.08.2024

Қазақстандықтар арасында Түркиядан баспана алуға сұраныс азайды. Биыл жарты жылда отандастарымыз Ыстанбұл, Анкара сияқты қалалардан 600-ге жуық жылжымайтын мүлік сатып алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 %-ға аз. Мұндай мәліметті Түркия статистика басқармасы таратты. Жерлестеріміз ең көп пәтерді шілде айында алған. Бір айда - 112 үй. Теңіз жағасынан үй алғысы келетіндердің қатарында қазақстандықтардан бөлек, Ресей, Украина, Иран, Ирак азаматтары көп. Жалпы Түркиядан баспана алу тенденциясы 2020 жылғы пандемия кезінде басталған. Мамандар бұған сол тұстағы үй бағасының төмен болуы әсер етті дейді. Ал қазір Түркияда пәтер құны Қазақстандағы нарықтан 35 пайызға қымбат.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу