Жапониядағы «Шаньшань» тайфунның соққысынан 3 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапониядағы «Шаньшань» тайфунның соққысынан 3 адам қаза тапты

29.08.2024

Жапонияның оңтүстік батысында «Шаньшань» тайфуны қатты соқты. Соңғы мәліметке қарағанда, Кагошима префектурасында үш адам қаза тауып, ондаған адам жараланды. Сонымен қатар ғимараттар зақымданып, ағаштар құлап, жеті префектурада 250 мыңнан астам үй жарықсыз қалған. Бұған қоса 600-дей ішкі рейс доғарылып, Кюсю аралында пойыздар тоқтады.

Жергілікті синоптиктердің ескертуінше, сағатына 198 шақырым жылдамдықпен орай да борай соққан тайфун апта соңында елдің орталығына, шығысына және мемлекет астанасы Токиоға жақындауы мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу