2025 жылы Қазақстаннан Нью-Йорк қаласына тікелей әуе рейсі қатынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2025 жылы Қазақстаннан Нью-Йорк қаласына тікелей әуе рейсі қатынайды

29.08.2024

АҚШ пен арадағы тікелей әуе рейсін ашу 2025 жылдың соңына жоспарланып отыр. Бұл жайлы Көлік министрі Марат Қарабаев пен АҚШ федералды авиациялық әкімшілігі басшыларының Монреалдағы ИКАО штаб-пәтерінде өткен кездесуінде белгілі болды. Тараптар екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу үшін бар күш-жігерін салуға келісті және ұшақтарды уақытылы жеткізу мәселелерін талқылады. Осылайша 2025 жылдың соңында жолаушылар ұшақтары елімізден АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына тікелей қатынай алады. Аптасына кемінде 2 рет рейс жасау көзделген. Сонымен қатар осы аптада Астанада АҚШ федералды авиациялық әкімшілігінің сарапшылары Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын іске қосуға қажетті 1-ші санатын алу үшін ұшу қауіпсіздігін алдын ала бағалау бойынша жұмысты бастады.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу