Семейде «Таза Қазақстан» акциясы аясында бірқатар жұмыс атқарылып, жаңа жобаларға бастау болды. Соның бірі - қала жастарына ежелгі ғимараттардың қандай болғанын көрсету үшін ойластырылған жоба. Семей қаласы әкімінің орынбасары Арайбек Хамзаевтың айтуынша, акция аясында мыңнан астам іс-шара өтіп, соның ішінде ағаш отырғызылып, қоқыс жиналған. Жалпы өңірде 50-ден астам аула аумағы абаттандырылып, төрт қоғамдық орынның құрылысы аяқталды.