Зейнетақы қорынан тісті емдетуге қаржыны қалай алуға болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы қорынан тісті емдетуге қаржыны қалай алуға болады?

29.08.2024

Зейнетақы қоры, тісті емдеткеннен кейін қаржыны толық аударады. Жаңа бұйрыққа осындай өзгеріс енгізілуі мүмкін. Қазір құжат қоғамның ашық талқылауына ұсынылды. Кез-келген қазақстандық бұйрықпен танысып, өзінің пікірін қалдыра алады.

Тісті зейнетақы қорындағы қаржымен емдетуде басты өзгеріс бар. Ол төлемге қатысты. Яғни, бұрынғыдай бірден ақшаны медициналық мекемеге аудару деген болмайды. Бірінші, ем жүргізетін тісіңізге толықтай диагностика жүргізілуі керек. Дәрігер қорытындысы болу шарт. Ол 3 айға дейін жарамды. Құжаттар талапқа сәйкес келген жағдайда, бірінші аванс беріледі. Яғни, өкілетті оператор емдеу құнының 70 пайызын аванс ретінде бірден аударады. Бұл қаражат тісіңізге емді бастамас бұрын стомотологиялық клиникаға төленеді. Ал, қалған 30 пайызы емдеу аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Яғни, тісіңіздің емдеуге дейін, емдеуден кейінгі құжаттарын ұсынасыз. Бұл талап орындалмаса, зейнетақы қоры ақшаны толықтай қайтарып алады. Құжаттың толық нұсқасымен кез-келген қазақстандық ашық порталына кіріп, танысып, өзінің жеке пікірін қалдыра алады. Бұйрық 12 қыркүйекке дейін халықтың талқылауында болады.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу