Конституцияның 3-ші бабы: Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конституцияның 3-ші бабы: Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық

29.08.2024

Конституцияның 3-ші бабында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп жазылған. Біз тұрғындардан осы тұжырымның мән-мағынасын қалай түсінетінін сұрап көрген едік. Азаматтардың пікірін тыңдасақ.

Мемлекеттің бірден-бір байлығы халық деп көрсеткен. Мәселе көтерілетін болса, міндетті түрде халықтың ойы ескеріледі. Демек, бізде демократия бар деген сөз.

 «Біздің елде конституцияның маңызы зор. Ол жерде адамдардың мүддесі мен қоғамға арналған жақсы заңдылықтары болады. Әлде де конституциямыз нақты сондай бір мәресіне жетті деп ойлаймын. Мен өзім сезінемін. Қоғамдық жауапкершілігім бар. Мысалы, жақсы жұмыстар жүріп жатқанын өзім де көремін».

Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық екенін, халық арқылы шешімі шығатындығын көрсете білді деп есептеймін. Сондықтан, біздің мемлекетіміздің Конституциясы ең бірінші еліміздің құқықтық мемлекет болып қалыптасуына, оның ішінде адам және азаматтарының бостандықтарының кепілі әрі нышаны болып табылатындығына нақты көрінісін көрсете білді деп есептеймін.


Хабарламаларға жазылу