Конституциядағы өзгерістер Парламенттің жаңа бағытын қалыптастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конституциядағы өзгерістер Парламенттің жаңа бағытын қалыптастырды

29.08.2024

Саяси реформалардан кейін Парламенттің ықпалы артты, - дейді сарапшылар.

Қос палата қайта жасақталды. Мәжілістің 69 депутаты партиялық тізіммен, 29 депутат өз-өзін ұсыну арқылы сайланды. Яғни, үміткерлер мажоритарлық жүйемен додаға түсті. Партиялардың Мәжіліске өтуіне қажетті дауыстың төменгі шегі 7-ден 5 пайызға дейін азайды. Сонымен бірге, депутаттық мандаттың 30 пайызын әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға бөлу заң жүзінде бекітілді. Осы өзгерістер билікке жаңашылдық әкеліп, Парламенттің жаңа бағытын қалыптастырды, - дейді сарапшылар.

Марат Бәшімов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Енді 30 процент қарапайым адамдар да өз-өздерін сайлай алады. Өтті ондай кісілер. Мәжіліс деген өзгеріп кетті. Мәжілісте қазір әр түрлі алты партиямен бірге, кәсіби заңдар қабылданып жатыр. Азаматтардың құқықтарын қорғайтын заңдар. Қараңызшы, ақырғы заңдардың ішінде азаматтарды сатып алуға қарсы заң. Лудоманияға қарсы, зорлық-зомбылыққа қарсы заң.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу