Ерлан Қарин: Жаңарған Ата заң мемлекетіміздің дамуына зор ықпал етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қарин: Жаңарған Ата заң мемлекетіміздің дамуына зор ықпал етті

30.08.2024

Жаңарған Ата заң мемлекетіміздің дамуына зор ықпал етті. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram-дағы парақшасында осылай деді.

«Әділдік қағидатына негізделген бұл түзетулер бүкіл қоғамның мүддесін ескере отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейте түсуге жол ашты. Президент жеті жылдық мерзімге бір рет қана сайланатын болды, Парламенттің ықпалы күшейді. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты аралас сайлау жүйесі енгізілді. Жаңа институт – Конституциялық Сот құрылды, адам құқықтарын қорғау тетіктері айтарлықтай күшейтілді. Сонымен бірге «Ұлттық қор – балаларға» жобасын атап өтуге болады», - деді Мемлекеттік кеңесші.


Хабарламаларға жазылу