Түркістан облысы, Жетісай ауданында мереке қарсаңында 107 отбасыға үйдің кілті табысталды. Оның 90-ы жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі жандарға берілді. Өткен жылы республикалық бюджет пен Ұлттық қордан қаралған 862 млн теңге халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтуға жұмсалған. Ал биыл мемлекеттен бөлінген 1 млрд 400 млн теңгеге жаңадан салынған тағы 90 үйді сатып алу жоспарланып отыр.
Құндыз Хайрулла, көпбалалы ана:
Үш ұл, бір қыз тәрбиелеп отырмын. Жолдасымның қайтыс болғанына төрт жыл болады. Осы уақытқа дейін пәтер жалдап көрдім, енемнің қолында да тұрдым. Ол кісілерге көп-көп рахмет! Бізге істеп жатқан жақсылықтары еселеп қайтсын!
Айнұр Әбілқасымқызы