Көкшетаудағы жедел жәрдем қызметіне 24 жаңа көлік берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетаудағы жедел жәрдем қызметіне 24 жаңа көлік берілді

30.08.2024

Көкшетау қаласында жедел жәрдем қызметіне заманауи 24 жаңа көлік берілді. Барлығы автоматтандырылған. Техникалардың басым бөлігі аудандардағы шалғай елді мекендерге жөнелтіледі. Мерекеге орай спорт мектептеріне де су жаңа 5 көлік табысталды. Олардың бірнешеуі мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау үшін қажетті құралдармен жабдықталған.

Сондай-ақ үй кезегінде тұрған 22 адам қоныс тойын тойлап жатыр. Олардың қатарында көпбалалы аналар, зейнеткерлер мен әлеуметтік аз қамтылған жанұялар бар.

Анар Жантаева, қала тұрғыны:

Үш бөлмелі пәтер алып жатырмын бүгінгі мерекеде. Өте қуаныштымын. Көп балалы анамын. Төрт балам бар. Пәтерді көп күттік. Көңілімізден шықты.


Хабарламаларға жазылу