Шетелдегі қазақтар Конституция мерекесінде заңды некеге отырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдегі қазақтар Конституция мерекесінде заңды некеге отырды

30.08.2024

Шетелдегі қазақстандықтар Конституция күнінде неке қидыруды дәстүрге айналдыруда. Бүгін ұлық мерекеге орай Бельгияда жұмыс бабымен жүрген қос қандасымыз Азамат пен Мәдина да заңды некеге отырды. Жас жұбайлар неке қию рәсімін Брюссельдегі Эттербек коммунасында өткізді. Себебі осы ауданда Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент ғимараттары орналасқан. «Шетелдіктер қазақтың мәдениетін білсін деп осы коммунаны, осы күнді таңдадық», - дейді жастар. Ұлттық киім киген жас жұбайларға қазақстандық және шетелдік достары шашу шашып, тойдың жөн жоралғысын жасады.

Мадина Жүсіпова, Қазақстан азаматы:

Конституция күні құтты болсын. Еуропа, Америкадағыдай Конституция мәңгілік болсын. Конституцияны құрметтейік, сонда жазылған заңдар бойынша өмір сүрейік. Осы күнді арнайы таңдап, күйеуіммен неке қиюды шештік.

Люси Рабие, Брюссель қаласының тұрғыны:

Мадина мен Азаматты бес жылдай білемін. Қазақстандағы қалыңдықтың ұзату тойы, үйлену тойының куәсі болып едім, бүгін неке қию рәсімін көрдім. Қазақтың салт-дәстүрі, қонақжайлығы бәрі керемет. Конституция мерекесі құтты болсын. Қазақстан мәдениетімен, халқымен құндылықтарымен ғажап мемлекет.


Хабарламаларға жазылу