Президент қазақ-қырғыз ынтымақтастығының дамуына жоғары баға берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент қазақ-қырғыз ынтымақтастығының дамуына жоғары баға берді

31.08.2024

Президент қазақ-қырғыз ынтымақтастығының дамуына жоғары баға берді

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентіне де құттықтау жеделхатын жолдап, бауырлас елдің халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Жеделхатта егеменді Қырғыз Республикасының тарихындағы бұл айтулы күн, елдің мемлекеттілігін одан әрі нығайтуға және өсіп-өркендеуіне берік негіз қалағанын атап өтті. Сондай-ақ стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухына толық сай келетін қазақ-қырғыз ынтымақтастығының дамуына жоғары баға берді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу