«Нұрлы жол» кешенінің күту залдары 40 тарихи-ақпараттық модульмен безендірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұрлы жол» кешенінің күту залдары 40 тарихи-ақпараттық модульмен безендірілді

31.08.2024

Қазақ халқының тарихынан сыр шертетін деректерді енді тек музейден ғана емес, теміржол вокзалынан да көруге болады. Астанадағы «Нұрлы жол» кешенінде Ұлттық музейдегі тарихи мұра үлгілеріне визуализация жасалынып, күту залдары безендірілді. Мұнда тарихи оқиғалар, көрнекті тұлғалар туралы ақпарат және отандық суретшілердің туындылары бар. Жолаушылар электрондық кітаптар мен қазақ тілі сөздігін де жүктей алады. «Қазақстанның халық қазынасы» жобасы Конституция күніне және Қазақстан темір жолының 120 жылдығы мен Ұлттық музейдің 10 жылдығы, сондай-ақ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына орай ұйымдастырылды.



Хабарламаларға жазылу