Қазақстандық акробат 3200 метр биіктікке шығып, көк туымызды көтерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық акробат 3200 метр биіктікке шығып, көк туымызды көтерді

31.08.2024

Алматылық акробат Ғалымжан Әуесбай 3200 метр биіктікте көк туымызды желбіретті. Ерекше трюкті ол әлеуметтік желіге жүктеген.

Ғалымжан соңғы кезде экстрималды трюктар жасап жүр. Өткен аптада Шымбұлақ шыңында 9 орындықты бірінің үстіне бірін қойып, акробатикалық қимылдар көрсетті. Әлеуметтік желіде тараған ол бейнеролик миллионнан аса қаралым жинады. Спортшы таудың ұшар басына шығып, қауіпті трюктер жасау үшін бір ай дайындалған. Ол осы арқылы еліміздің туризм саласының дамуына үлес қосуға ниетті.

Ғалымжан Әуесбай, акробат:

Қазағымыздың көк Туы әр елде, әр мемлекетте абыроймен бірге асқақтап тұра берсін деген мақсатта салған болатынбыз. Мені тек Қазақстан емес, шетел көріп отыр. Қазақстанда түрлі суларымыз, жерлеріміз бар ғой, сол жерлерде де видео түсіріп, шетелдік туристерді елімізге келсін деген ниетіміз бар.


Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу