Шығыс Қазақстандағы «Востокцветмет» шахтасында 4 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстандағы «Востокцветмет» шахтасында 4 адам қайтыс болды

31.08.2024

Шығыс Қазақстан облысындағы «Востокцветмет» шахтасында 4 адам қайтыс болды.

Алдын ала ақпарат бойынша жұмысшылар белгісіз заттан уланған. Ал тағы бір кенші Глубокое ауданының аудандық ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты, деп бағалауда. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Шахта аумағында төтенше жағдай департаментінің 13 маманы мен 3 техника жұмыс істеп жатыр.

Хабарламаларға жазылу