Биыл ел бойынша 4 миллионға жуық оқушы мектепке барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл ел бойынша 4 миллионға жуық оқушы мектепке барды

02.09.2024

Биыл ел бойынша 4 миллионға жуық оқушы мектепке барды. Оның 350 мыңнан астамы білім ұясының табалдырығын алғаш аттады. Ел аумағында 7859 мектеп бар. Оның 178-і күрделі жөндеуден өтіп, ашылды. Жаңғырту жұмыстары жүргізілген 1 мыңға жуық ауылдық орта білім беру ұйымдары да жұмысқа кірісті. Қазір өңірлердегі бейінді құрал-жабдықтармен 1,5 мыңнан астам пәндік кабинеті жарақтандырылды. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бірнеше мектеп пайдалануға берілді. Бұдан бөлек инклюзивті мектептердің үлесі 88%, ал балаларды арнайы қолдаумен қамту деңгейі 80% өсіп отыр. Сонымен қатар «Старлинк» спутниктік интернеті 1757 мектепте орнатылып, желі жылдамдығы 3 есеге артты.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу