Грекияда мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салынды

02.09.2024

Грекияда мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салынды. Елдің премьер-министрі білім министрімен кездесуден соң жаңа ережені бұқараға жария етті. 11 қыркүйекте, яғни сабақ басталған күннен оқушылар ұялы телефондарын сөмкелерінде ұстауы тиіс. Мектеп қабырғасында телефонды пайдаланғандар бір күн сабақтан шеттетіледі. Ережені бірнеше рет бұзса, бірнеше күн мектепке кіргізілмейді. Сыныптастары мен мұғалімдерді рұқсатсыз бейнетаспаға түсіргендер білім ордасынан қуылады. Биліктегілер осы арқылы кибербуллингпен күресті күшейтпек.

Кириакос Мицотакис, Грекияның премьер-министрі:

Ұялы телефонды сабақ кезінде пайдалану оқу процесіне кері әсер ететіні, баланың көңілі басқаға ауып кететіні ғылыми дәлелденген. Сондықтан мектепте телефон қажет емес.

Алиандр Пойпол, Афина қаласының тұрғыны:

Осындай қатаң ереже енгізілгеніне қуаныштымыз. Әйтпесе, сыныптастарын телефонға түсіріп, оны мазақ етіп, әлеуметтік желіге салып, бопсалау оқиғалары көбейіп кетіп еді.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу