Әкімдерді сайлау үрдісі жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әкімдерді сайлау үрдісі жалғасады

02.09.2024

«Бұдан былай аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тікелей сайлау арқылы ғана қызметке келеді».

Жолдаудағы басты жаңалықтардың бірі саяси реформалауға қатысты болды. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесі үш жыл бұрын енгізілген еді. Батыс Қазақстанда тек 2021 жылы 40-тан астам ауыл әкімі сайланды. Былтыр үш аудан әкімі халық таңдауы арқылы билікке келді. Облыстық маңызы бар Орал қаласы әкімінің де сайлауы болуы мүмкін. Президент келер жылдан бастап жаңа жүйеге біржола көшетінімізді мәлімдеді. Саясаттанушылар бұл шешімді елді демократияландыру бағытындағы маңызды қадам деп санайды.

Тұрар Шайхиев, саясаттанушы:

Біз өзіміз қызығатын аса ірі демократиялық мемлекеттердің барлығында жергілікті өзін өзі басқару деген бар. Яғни әкімдер, оларша губернатор, мэр - барлығын тікелей халық сайлайды. Міне осы жүйеге Қазақстан бірте-бірте көшіп келе жатыр. Ол дұрыс, өйткені саяси реформа әрқашан эволюциялық дамуды талап етететін сала. Саяси реформаларда асығуға болмайды.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу