Бастауыш сыныптар жаңа әдістемелік құралды пайдаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бастауыш сыныптар жаңа әдістемелік құралды пайдаланады

02.09.2024

Бүгін ел аумағындағы барлық мектепте сабақ басталды. «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбындағы республикалық сынып сағаты өтті. Жаңа оқу жылында Астанадағы №30 мектеп-гимназияда жаңартылған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сәйкес бастауыш сыныптарда жаңа әдістемелік құрал бойынша сабақтар өтеді. Оқулық бірнеше пәннің жиынтығы. Ол шәкірттерге рухани адамгершілік қасиеттерден бөлек жауапкершілік пен патриоттық тәрибені дамытуға бағытталған.

Қайнар Медетбеков, Астана қаласы, №30 мектеп-гимназия директорының орынбасары:

4 «В» сыныбында «Самұрықжан әлемді таны» жобасына қатысу мүмкіндігін пайдаланып отыр. Бұл енді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы арқылы енгізілген. Бұл біздің бүлдіршіндерді, оқушыларды ұлттық құндылықтарға, өз елінің тарихын білуге үйретеді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу