Қазақстан мен Псков облысы ынтымақтастықты бекітпек. Осы жылы өңірден елімізге арнайы бизнес миссия келуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ әкімшіліктермен меморандум бекіту жағы да қарастырылған. Индира Бегайдар жалғастырсын.
Ауыл шаруашылығы, экономика, туризм, мәдениет салалары бойынша ортақ жобаларды жүзеге асыру маңызды. Қазақстанмен 2021 жылы өзара сауда айналымы 21 миллион доллардан асты. Алайда бар әлеуетті толық пайдаланып, әріптестікті тереңірек кеңейту қажет.
Михаил Ведерников, Псков облысының губернаторы:
Бизнес миссия қараша айында Қазақстанға баруды жоспарлап отыр. Экономикалық ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындап, кәсіпорын басшыларын, делегаттарды бекітіп, үлкен жұмысты қолға аламыз. Біз барлық мәдениет саласында да ынтымақтастықты бекіту көзделуде.
Бұл өңірде өнеркәсіп саласында 200-ден астам ірі және шағын кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Басты мақсат-бірлескен кәсіпорындардың санын көбейту, елімізге инвестиция тарту.
Артем Багнюк, кәсіпорынның коммерциялық директоры:
2013 жылдан бері жұмыс істеп, 19 мемлекетпен әріптестік орнаттық. Оның ішінде әрине Қазақстан бар. Қазақстанмен әріптестік ешқашан үзілген емес. Арғы күні Шымкентке, кейін Алматыға жол жүреміз, арнайы көрме ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.
Өңірдегі жоғары оқу орындары да әріптестікті тереңдетуге мүдделі. Мәдени-гуманитарлық байланыстар, білім беру саласында да ірі ,ілкімді жобалар жүзеге асырылмақ.
Индира Бегайдар