Банктің экономикадағы рөлі айшықталуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Банктің экономикадағы рөлі айшықталуы керек

02.09.2024

Еліміздің экономикасына сәйкес қазірдің өзінде несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендетуге болады, - дейді Мақсат Халық. Сондықтан Банк туралы жаңа заңда осы мәселеге баса назар аударылғанын құп көреді.

Базалық пайыз жоғары болғандықтан несиелердің де проценті тиісінше жоғары. Ал Ұлттық банктегі инфляцияны таргеттеу саясатына қарайтын болсақ, 2025 жылдан әрі қарай 5 пайыз болады. Сәйкесінше, онда базалық пайыздық мөлшерлеме 7 пайыз бен 9 пайыздың арасында болуы керек. Қазір бұл 14 пайыздың үстінде, - дейді Мақсат Халық. Ал елдегі несие пайыздарының жоғары болуы экономикаға кері әсерін тигізеді. Мәселен, қазіргі уақытта бизнес өкілдері 20 пайыздың деңгейінде несие ала алады. Бұл өте жоғары көрсеткіш, - дейді экономист.

Мақсат Халық, экономист:

Президент өзінің Жолдауында экономикалық мәселелерді қозғаған кезде, ақша-несие саясаты туралы айтты. Бұл мәселенің өте ушығып тұрғанын көрсетеді. Банктің экономикадағы рөлі айшықталуы керек. Банктеріміз өте көп тұтынушылық несиені ұлғайтқан. Ал нақты экономиканың секторы бизнесте төмен. Сондықтан да бұл да экономикалық нарықта ретсіздік әкеліп жатыр. Нақты секторды қаржыландырмағаннан кейін, бизнесте айналым жоқ. Бизнеске арналған төмендетілген, жеңілдетілген несие болуы керек.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу