Сенат «Салық кодексін» қайта қарайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат «Салық кодексін» қайта қарайды

03.09.2024

«Салық жүйесін қайта қарау және оны жаппай цифрландыру көзделіп отыр. Жаңа Салық кодексін сапалы әзірлеу үшін оны қабылдау мерзімі келесі жылға ауыстырылды. Бұқаралық спортты дамыту, әлеуметтік саясат және активтерді қайтару бағытындағы заңдар да қабылданады». Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Парламенттің жаңа сессиясындағы Палата Бюросының алғашқы отырысында осыны жеткізді. Онда депутаттар Мемлекет басшысы Жолдауда белгілеп берген міндеттерден туындайтын Сенаттың жұмыс жоспарын талқылады және 5 қыркүйекте өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті.


Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу