Палестинада полиомиелитке қарсы екпе балаларға жаппай салына бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Палестинада полиомиелитке қарсы екпе балаларға жаппай салына бастады

03.09.2024

Палестинаның Газа секторында балаларға полиомиелитке қарсы жаппай екпе салына бастады. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 640 мың бала иммундалуы тиіс. Науқанды БҰҰ жүргізіп жатыр. Израиль вакциналау кезінде үш күн бойы 8 сағаттан атысты тоқтатуға келіскен. Газа секторында тамыздың соңында полиомиелит 9 айлық сәбиден анықталған болатын. Жұқпалы аурудың бұл түрі Газа секторында соңғы 25 жылда мүлде тіркелмегенін айта кетейік. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу