Атыраудағы мектептерден жарылғыш зат табылмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы мектептерден жарылғыш зат табылмады

03.09.2024

Жаңа оқу жылы басталмай жатып, Атырауда екі бірдей мектепке бомба қойылды деген ақпарат тарады. Кеше кешкі 9 шамасында белгісіз біреу білім ордаларының электронды поштасына хабарлама жіберген. Саперлар нысанды түгел тексеріп шықты. Алайда ешқандай күмәнді зат таппады. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жалған хабарлама қалдырған адам іздестіріліп жатыр. 

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу