Экономиканы әртараптандыру халық табысын арттырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экономиканы әртараптандыру халық табысын арттырады

03.09.2024

Экономиканы әртараптандыра отырып, оның құрылымын өзгерту ел дамуының басты бағыты болуы тиіс. Президент өз жолдауында, сонда ғана еліміздің әлеуетін күшейте аламыз деді. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті ұжымымен кездескен экономика ғылымдарының докторы Оразалы Сәбден мұндай өзгеріс ел халқының табысын арттырады деп есептейді. Экономиканы қарқынды дамыту үшін үкімет тек мемлекет қаржысына сеніп әрекет етуі дұрыс емес. Инвестиция тарту арқылы іскерлік белсенділіктің артуына қолайлы жағдай жасаған жөн. Ол үшін, ең алдымен, салық саясаты тұрақты болуға тиіс. Жолдауда айтылған осындай басым бағыттар мемлекеттің қаржылық қуатын арттыруға негіз болмақ.

 Оразалы Сәбден, қоғам және мемлекет қайраткері, экономика ғылымдарының докторы:

Жақсы өмір экономикамен келеді. Міне,  сол себепті Президент эконмикаға мән беріп отыр. Ал экономикалық құрылымды өзгерту, инвестициялар салу керек. Осының бәрі ақша арқылы болады. Қарапайым тілмен айтсақ, өзіміз өндірмейінше, өспейміз.


Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу