«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысына мониторинг жүргізіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысына мониторинг жүргізіп жатыр

03.09.2024

Қаржылық мониторинг агенттігі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысына мониторинг жүргізіп жатыр. Бұл туралы аталған агенттік мен «Samruk-Kazyna Construction» Басқармасы төрағаларының кездесуінде белгілі болды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына 2,3 триллион теңге бөлінген. Оған заманауи талаптарға сай 369 мектеп салынады деп жоспарланған. Ведомсто бөлінген бюджет қаражатының орынды жұмсалуын қадағалайды. Агенттік Төрағасы Дмитрий Малахов Президенттің білім беру сапасын арттыруға ерекше назар аударып отырғанын атап өтті. Ал Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов жобаның сапалы орындалуы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Кездесу қорытындысы бойынша экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс жасау мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу