Жетісу облысының Қаратал ауылында алғашқы қоңырау жаңа мектепте соғылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысының Қаратал ауылында алғашқы қоңырау жаңа мектепте соғылды

03.09.2024

Жетісу облысының Қаратал ауылында алғашқы қоңырау жаңа мектепте соғылды. Көксу ауданына қарасты елді-мекенде салынған білім шаңырағы 120 орындық және 25 бөбекке арналған шағын орталығы бар. Мектеп құрылысы мен барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге республикалық инфроқұрылымдарды дамыту қорынан 1,8 млрд теңге қаржы қарастырылған. Бұған дейін ауылда тек бастауыш мектеп қана жұмыс істеп, оқушылардың басым бөлігі көрші елді-мекендегі білім ордасына тасымалданып оқытылатын. 45 жаңа жұмыс орны ашылды. 24 мұғалімнің оны еңбек жолын енді бастаған жас маман.

Айбота Мұратбек, оқушы:

Бұрын біз басқа мектепке баратынбыз. Ол кезде кейбір сабақтарға қатысуға мүмкіндік болмады. Автобус ерте алып кетеді. Осы мектепке келіп, осындай тігін машинасын көріп жатырмыз. Бізге қатты ұнады. Әрине, жақсы оқимыз. Осы мектепті биік шыңдардан көрсетуге тырысамыз.


Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу