Жыл басынан бері 1300 адам жол апатынан қаза тапқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері 1300 адам жол апатынан қаза тапқан

03.09.2024

Президент Жолдауда назар аударған тағы бір мәселе жол апаты. Жыл басынан бері ел аумағында 1300 адам жол апатынан көз жұмып, 16 мың адам зардап шеккен. Осыған байланысты Президент жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және интеллектуалдық жүйені енгізу арқылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек деді.

Бұдан бөлек жүргізуші куәліктерін сатып алу жағдайларының алдын алуды тапсырды.

Жолдың сапасы деп ойлаймын иә, өйткені көріп тұрсыздар, неге авариялар көп, өйткені жолдар жасалып жатыр, машиналар басқа жақпен айналып барады, ол жақта онша көп көлік не предусмотрено.
Президент жолдауда жол көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында заңды қатаңдату туралы тапсырмалар берді. Ойлаймын, осының арқасында жол-көлік оқиғаларына қандай да болмасын әсерін тигізеді.
Праваны сатып алу жол апаттарына әкеледі, оны мен жүз пайыз айта аламын. Сіз 14, 10 жастан көлік айдап келе жатырмын десеңіз де, қаланың габариттерін түсіну қиын. Ал оқытатын жерлер қалаға шығып айдатып үйретеді.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу