«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы 1500 тонна қоқыс шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы 1500 тонна қоқыс шығарылды

03.09.2024

Атырауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл басынан бері 1500 тоннадан астам қоқыс шығарылған. Бұған 45 мыңнан астам адам атсалысып, Жайық өзенінің жағалауын, көшелерді, саябақтарды қоқыстан тазартты. Бүгін еріктілер Ретро саябаққа жиналды. Мұнай компанияларының өкілдері жасыл желектерді суарып, аумақты абаттандырды.

Мейрамбек Аухадиев, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының бас маманы:

Жасыл желектерге күтіп, баптау жұмыстары, суару жұмыстары жүргізілуде. Мекемелер акцияға белсенділік танытып отыр. Бұл акциямыз жылдың соңына дейін жалғасады.

Соңғы жылдары бұл саябақ қараусыз қалып, әкімдік шешімімен күтіп ұстау мекемесі бекітілген еді. Енді олар алдағы уақытта саябақтағы суару құбырларын жаңартып, жаңадан көгал төсемек. 600 түрлі жасыл желек отырғызылып, жалпы 20 мың шаршы метр аумақ қайта жаңғырмақ.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу