Пара жүзушілер 5-6 қыркүйекте тағы да бақ сынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пара жүзушілер 5-6 қыркүйекте тағы да бақ сынайды

03.09.2024

Бүгінгі жарыста қазақстандық пара жүзушілер финалдық кезеңге өте алмады. Алайда Сиязбек Дәлиев пен Нұрдәулет Жұмағалидың әлі де жүлдеге таласуға мүмкіндігі бар. Олар енді бейсенбі мен жұма күндері тағы да сынға түседі. Сиязбек Дәлиев алда әлі баттерфляймен 50 метр қашықтықты бағындырады. Ал Токио Паралимпиадасының қола медаль иегері Нұрдәулет Жұмағали 100 метрге брасс әдісімен жүзуде бақ сынайды. Бұл сында ол Париж төрінде қыркүйектің 5-і өнер көрсетеді. 

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу