150 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

150 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы беріледі

03.09.2024

Мемлекеттік кеңесші Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді. Отырыста 150 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясын беру туралы шешім қабылданды. 120 стипендиант магистратурада, 6 азамат докторантурада оқиды. Ал 24 стипендиат әлемнің озық университеттері мен өндіріс орталықтарында тағылымдамадан өтеді. Стипендиаттардың үштен екісінен астамы жаратылыстану және техникалық бағыттар бойынша білім алады. Сонымен қатар 33 азамат әлемдегі озық ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге грант алды. Ерлан Қарин ғылыми тағылымдамадан өтетін үміткерлерді Мемлекет басшысының биылғы Жолдауындағы ұстанымдарға сәйкес мұқият іріктеу қажеттігіне тоқталды. Жиын соңында «Болашақ» халықаралық стипендиясын және ғылыми тағылымдамалар бағдарламасын іске асыру үдерістерін одан әрі жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар берді. 

Хабарламаларға жазылу