Римде күн күркіреп, ежелгі Константин триумфальдық аркасына найзағай түсті. Колизей археологиялық паркі әкімшілігінің мәлімдеуінше, салдарынан біздің дәуіріміздің IV ғасырында салынған монументтің бір бөлігі зақымданған. Айта кетсек, бұл ескерткіш Италия астанасының туристер тамашалайтын маңызды тарихи нысандарының бірі. Оның сынықтарының барлығы табылған. Колизей өкілдерінің сөзінше, таяу күндері көне аркада реставрациялық жұмыстар басталуы керек.
Арыстан Рысбек