Техникалық салаға серпін беру маңызды - Профессор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Техникалық салаға серпін беру маңызды - Профессор

04.09.2024

Биылғы жолдау еліміздің экономикасын көтеріп, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына серпін бермек. Осылай деген ғалымдар мен қоғам белсенділері Алматыда бас қосып, Президент жолдауын талқылады. Жиналғандар бұл елімізде кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан ауқымды әрі маңызды реформалардың жалғасы деп отыр. Сондай-ақ, отырыста ғалымдар техникалық салаға жастарды көптеп тарту мәселесін де қозғады.

Серік Нұрмұратов, философия ғылымдарының докторы, профессор:

Жақсы кадр болмаса, сапалы өзгеріс болмайды. Біздің қоғамдағы кадрлар қандай болды? Бәрі юрист, экономист болайық деп бір жаққа кетті де, техникалық мамандықтарға бармай қойды. Солар ақсап қалды. Енді соның нәтижесін көріп, жатырмыз, мамандар жетіспей жатқанын. Сондықтан баланс түрінде саналы, сапалы жоспарлау керек.

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу